fbpx
103
НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

Гинекология департаменті 28 төсектік және әйелдердің репродуктивтік жүйе аурулары бар науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Департамент қызметінің бір бағыты – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде медициналық және әлеуметтік көрсетілімдер бойынша жүктілікті үзуге мұқтаж әйелдерге медициналық көмек көрсету.

Департаменттің негізгі міндеті – гинекологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және профилактика жүргізу, әйелдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ олардың өмір сапасын арттыру.

Департамент тәулік бойы жұмыс режимінде қызмет атқарады және жоспарлы және шұғыл ауруханаға жатқызуға арналған палаталарды, емшара кабинетін, таңу бөлмесін және операциялық блокты қамтиды.

Департамент қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады және пациенттердің құқықтарын, құпиялылық қағидаттарын, медициналық этика мен психологиялық қолдауды сақтауға негізделген.

Қызметтің негізгі функциялары мен бағыттары:

  • Гинекологиялық ауруларды консервативті және хирургиялық емдеу;
    • Жатырдан тыс жүктілік, аналық без апоплексиясы, кіші жамбас ағзаларының жедел қабыну аурулары және өзге де шұғыл жағдайлар кезінде шұғыл гинекологиялық көмек көрсету;
    • Миомэктомия, гистерэктомия, лапароскопиялық және гистероскопиялық операцияларды қоса алғанда жоспарлы хирургиялық араласуларды орындау;
    • Кіші жамбас ағзаларының пролапсы кезінде лапароскопиялық, вагиналдық және лапаро-вагиналдық араласуларды жүргізу, жамбас түбі бұлшықеттерін нығайту және анатомиялық орналасуды қалпына келтіру;
    • Әйелдер бедеулігінің әртүрлі түрлерін диагностикалау және емдеу;
    • Жатыр мойны патологияларын, соның ішінде дисплазиялық үдерістерді диагностикалау, бақылау және емдеу;
    • Әйелдердің репродуктивтік денсаулығын сақтау, қолдау және қалпына келтіру;
    • Қолданыстағы клиникалық хаттамалар мен нормативтік құжаттарға сәйкес медициналық көрсетілімдер бойынша жүктілікті үзу;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда әлеуметтік көрсетілімдер бойынша жүктілікті үзу кезінде медициналық көмек көрсету;
    • Заманауи зертханалық және аспаптық диагностикалық әдістерді қолдана отырып, кешенді тексерулер жүргізу;
    • Операциядан кейінгі оңалту және пациенттерді динамикалық бақылау.

Заманауи технологиялар

Департаментте шағын инвазивті хирургиялық технологиялар кеңінен қолданылады, оның ішінде лапароскопиялық және гистероскопиялық араласулар бар. Бұл операциялық жарақаттың азаюына, ауруханаға жатқызу мерзімінің қысқаруына және пациенттердің тезірек сауығуына мүмкіндік береді.

Департамент жұмысы дәлелді медицина қағидаттарына, әрбір пациентке жеке тәсіл қолдануға және ең үздік ем нәтижелеріне қол жеткізу үшін мамандардың көпбейінді өзара ынтымақтастығына негізделген.

Шұғыл, жедел және
жоспарлы медициналық көмек

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы – Қазақстан Республикасы бойынша шұғыл медициналық көмекті үйлестіретін жетекші орталық.

Біз туралы

«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК – шұғыл медициналық көмек қызметінің тиімді кластері. Орталық құрамына бірегей көпбейінді аурухана кіреді, сондай-ақ медициналық авиация арқылы пациенттерге жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі және республика бойынша жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы үйлестіріледі.

Біздің миссиямыз – халыққа жедел әрі білікті медициналық көмек көрсету, шұғыл медицина практикасына заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізу.

24/7

тәулік бойы үздіксіз жұмыс

Тәжірибелі дәрігерлер

жоғары білікті медициналық көмек

Заманауи жабдықтар

озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар 

Команда экстренной медицинской помощи

Біздің жұмысымыз сандармен

2 300+
әуе рейсі
орындалды
9 000+
пациент ем
қабылдады
6 000+
операция
жүргізілді
1 000+
сәби дүниеге
келді

Біздің бөлімшелеріміз

Әрбір бөлімше ҰШМҮО-да қолжетімді, жедел және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.

Медициналық авиация департаменті

Оқу-тренингтік орталығы

Телемедицина және ҚКМҚ департаменті

Балалар травматологиялық пункті

ардиохирургия департаменті

Жүрек ырғағы орталығы

Эндоваскулярлық хирургия және интервенциялық кардиология департаменті

Нейрохирургия және неврология департаменті

Акушерлік және гинекология орталығы неонатологиямен

Гинекология департаменті

Акушерлік департаменті

Неонатология департаменті

Урология департаменті

ДКомбустиологиясы бар іріңді-септикалық хирургия департаменті

Көп жарақаттар департаменті

Жалпы хирургия департаменті

Терапия департаменті

Алматы қаласындағы өкілдік

Диагностика департаменті

Эндоскопия департаменті

Патологоанатомиялық бөлімше

Операциялық блок

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия департаменті

Трансфузиология департаменті

Шұғыл көмек департаменті

Клинико-диагностикалық зертхана

Республикалық инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығы

Біздің қызметтеріміз

Заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарды қолдана отырып, диагностикалық, емдік және оқыту қызметтерінің кең спектрі ұсынылады.

Экстренная помощь

МРТ

магниттік-резонанстық томография

Координация служб

КТ

компьютерлік томография

Обучение персонала

УДЗ

ультрадыбыстық диагностика

Реанимация

Рентген

Рентгенологиялық зерттеулер

Транспортировка

Эндоскопия

диагностикалық және емдік эндоскопия

Консультации

ЭКГ

электрокардиография

Первая помощь

ЭЭГ

электроэнцефалография

Медицинская эвакуация

Зертхана

зертханалық зерттеулер

Медицинская эвакуация

Босандыру

акушерлік көмек

Медицинская эвакуация

Консультациялар

мамандар кеңесі

Медицинская эвакуация

Оқыту

жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық стандарттарға оқыту

Біздің дәрігерлеріміз



Байланыс

Бізбен хабарласыңыз

Телефон

+7 (7172) 573-534

Мекенжай

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Хусейн бен Талал көшесі 14

Жұмыс уақыты

24/7 – тәулік бойы