Эндоваскулярлық хирургия және интервенциялық кардиология департаменті жүрек-қантамыр жүйесі аурулары бар науқастарға, сондай-ақ әртүрлі орналасудағы қан тамырлары патологиялары бар пациенттерге заманауи шағын инвазивті эндоваскулярлық технологияларды қолдана отырып, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді.
Негізгі медициналық араласулар:
- Коронарография;
• Коронарлық артерияларды стенттеу;
• Коронарлық артериялар мен төменгі аяқ-қол артерияларына баллонды ангиопластика;
• Ұйқы және омыртқа артерияларын стенттеу;
• Жатыр және простата артерияларын эмболизациялау;
• Аорта және митралды позицияларға транскатетерлік клапан имплантациясы;
• Стент-графттарды имплантациялау;
• Туа біткен және жүре пайда болған ақауларды эндоваскулярлық жабу.








