Жүрек ырғағы орталығы жүрек ырғағы бұзылыстарын диагностикалау және емдеуге маманданған. Орталық жоғары технологиялық жабдықтарды қолдана отырып, интервенциялық аритмология бойынша жоғары білікті көмек көрсетеді. Жүрек ырғағы бұзылыстары бар науқастардың Бірыңғай қазақстандық регистрін енгізу арқылы оларды орталықтандырылған жүргізу, мониторинг және бағыттау жүйесін қамтамасыз етеді, сондай-ақ аритмология саласында білім беру бағдарламаларын ұйымдастырып, дәрігерлердің біліктілігін арттырады.
Жүрек ырғағы орталығының тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін ҰШМҮО стационарынан 14 төсек-орын бөлінген. Бұл аритмологиялық қызметті орталықтандырылған басқарумен қатар, жүрек ырғағы бұзылыстары бар науқастарға диагностика, емдеу, оңалту және ұзақ мерзімді бақылау қызметтерінің толық циклін жүргізуге мүмкіндік береді.
Орталық өз қызметі аясында келесі негізгі бағыттарды жүзеге асырады:
Стационарлық ем: жоғары технологиялық медициналық араласуларды (абляция, кардиостимулятор имплантациясы, электродтарды экстракциялау) жүргізу, ауыр аритмиясы бар науқастарды емдеу, оларды оңалту және ұзақ мерзімді бақылау.
Білім беру қызметі: интервенциялық аритмология бойынша резиденттер мен дәрігерлерді оқыту, шеберлік сабақтарын, тренингтер мен клиникалық талқылауларды өткізу.
Ғылыми зерттеулер: аритмияны диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін зерттеу, клиникалық тәжірибеге инновациялық технологияларды енгізу.








