fbpx
103
НКЦЭМ

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

Оқу-тренингтік орталық (ОТО) – шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттары бойынша медицина қызметкерлерін оқытуға және олардың біліктілігін арттыруға, медициналық манипуляциялар техникасын пысықтауға, сондай-ақ шұғыл жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйретуге арналған озық оқыту әдістерін қолданатын жоғары технологиялық симуляциялық орталық.

ОТО-ның негізгі мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес шұғыл медициналық көмек көрсету дағдыларын оқыту және жетілдіру.

ОТО медициналық авиация, жедел медициналық жәрдем және шұғыл медициналық көмек қызметтерінің қызметкерлеріне, оған қоса, шұғыл медицина саласындағы халықаралық стандарттар бойынша оқудан өтетін мамандарға бағытталған. Сонымен қатар, орталықта медициналық білімі жоқ азаматтар да оқудан өте алады.

Оқу процесін ұйымдастыру үшін ОТО-да заманауи симуляциялық және тренажерлық жабдықтармен жабдықталған дәрісханалар мен оқу сыныптары қарастырылған.

2023 жылғы қазанда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Сыртқы сараптау комиссиясы мүшелерінің қатысуымен институционалдық аккредиттеу рәсімі өткізілді. Аккредиттеу барысында ҰШМҮО мамандардың үздіксіз кәсіби дамуының сапасын қамтамасыз ету саласындағы жетістіктерін таныстырды.

«Еуразиялық аккредиттеу және білім беру мен денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету орталығы» КЕҰ Аккредиттеу кеңесінің 2023 жылғы 28 қарашадағы №7 хаттамасына сәйкес қабылданған шешімімен ҰШМҮО 2023 жылғы 28 қарашадан бастап 2028 жылғы 27 қарашаға дейінгі мерзімге (5 жыл) аккредиттелді.

Шұғыл, жедел және
жоспарлы медициналық көмек

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы – Қазақстан Республикасы бойынша шұғыл медициналық көмекті үйлестіретін жетекші орталық.

Біз туралы

«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК – шұғыл медициналық көмек қызметінің тиімді кластері. Орталық құрамына бірегей көпбейінді аурухана кіреді, сондай-ақ медициналық авиация арқылы пациенттерге жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі және республика бойынша жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысы үйлестіріледі.

Біздің миссиямыз – халыққа жедел әрі білікті медициналық көмек көрсету, шұғыл медицина практикасына заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарды енгізу.

24/7

тәулік бойы үздіксіз жұмыс

Тәжірибелі дәрігерлер

жоғары білікті медициналық көмек

Заманауи жабдықтар

озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар 

Команда экстренной медицинской помощи

Біздің жұмысымыз сандармен

2 300+
әуе рейсі
орындалды
9 000+
пациент ем
қабылдады
6 000+
операция
жүргізілді
1 000+
сәби дүниеге
келді

Біздің бөлімшелеріміз

Әрбір бөлімше ҰШМҮО-да қолжетімді, жедел және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.

Медициналық авиация департаменті

Оқу-тренингтік орталығы

Телемедицина және ҚКМҚ департаменті

Балалар травматологиялық пункті

ардиохирургия департаменті

Жүрек ырғағы орталығы

Эндоваскулярлық хирургия және интервенциялық кардиология департаменті

Нейрохирургия және неврология департаменті

Акушерлік және гинекология орталығы неонатологиямен

Гинекология департаменті

Акушерлік департаменті

Неонатология департаменті

Урология департаменті

ДКомбустиологиясы бар іріңді-септикалық хирургия департаменті

Көп жарақаттар департаменті

Жалпы хирургия департаменті

Терапия департаменті

Алматы қаласындағы өкілдік

Диагностика департаменті

Эндоскопия департаменті

Патологоанатомиялық бөлімше

Операциялық блок

Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия департаменті

Трансфузиология департаменті

Шұғыл көмек департаменті

Клинико-диагностикалық зертхана

Республикалық инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығы

Біздің қызметтеріміз

Заманауи технологиялар мен халықаралық стандарттарды қолдана отырып, диагностикалық, емдік және оқыту қызметтерінің кең спектрі ұсынылады.

Экстренная помощь

МРТ

магниттік-резонанстық томография

Координация служб

КТ

компьютерлік томография

Обучение персонала

УДЗ

ультрадыбыстық диагностика

Реанимация

Рентген

Рентгенологиялық зерттеулер

Транспортировка

Эндоскопия

диагностикалық және емдік эндоскопия

Консультации

ЭКГ

электрокардиография

Первая помощь

ЭЭГ

электроэнцефалография

Медицинская эвакуация

Зертхана

зертханалық зерттеулер

Медицинская эвакуация

Босандыру

акушерлік көмек

Медицинская эвакуация

Консультациялар

мамандар кеңесі

Медицинская эвакуация

Оқыту

жедел медициналық көмек көрсету бойынша халықаралық стандарттарға оқыту

Біздің дәрігерлеріміз



Байланыс

Бізбен хабарласыңыз

Телефон

+7 (7172) 573-534

Мекенжай

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы,
Хусейн бен Талал көшесі 14

Жұмыс уақыты

24/7 – тәулік бойы