Республикалық инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығы (РИПЖИО) жедел ми қан айналымы бұзылыстары бар пациенттерге медициналық көмекті әдістемелік және ұйымдастырушылық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Орталық республика бойынша 85 инсульт орталығының жұмысын үйлестіреді (III деңгей – 32, II деңгей – 30, медициналық ұйымдардағы инсульттік төсек – 23), клиникалық хаттамаларды енгізу, пациенттерді маршрутизациялау және медициналық көмектің сапасын бақылаумен айналысады.
Мемлекеттік бағдарламалар аясында 2023 жылғы 1 мамырдан бастап ҰШМҮО базасында Бірыңғай консультативтік орталық (БКО) жұмыс істейді. Бұл орталықта консультацияларды невролог, нейрохирург және анестезиолог-реаниматологтар жүргізеді.
Орталық жыл сайын «Инсульт мектебі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Сонымен қатар, Angels Initiative ұйымымен бірлесіп Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің инсульт қызметі мамандарына арналған оқыту тренингтері ұйымдастырылады.








