Шұғыл көмек департаменті науқастарды шұғыл хирургиялық бейін бойынша, сонымен қатар, тек кардиологиялық көрсетілімдер бойынша терапевтік бейінде қабылдауды жүзеге асырады.
Медициналық көмек Астана қаласының Нұра ауданы тұрғындарына хирургиялық және кардиологиялық көрсетілімдер бойынша, Есіл ауданына – нейрохирургиялық бейін бойынша, ал Сарыарқа ауданына – гинекологиялық бейін бойынша көрсетіледі.
Департаменттің негізгі міндеттері – шұғыл медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету, бастапқы дәрігерлік қарау жүргізу, диагностика жасау және науқасты әрі қарай жүргізу тактикасын анықтау. Тексеру заманауи зертханалық және аспаптық әдістер арқылы жүзеге асырылады.
Пациенттерді бейінді клиникалық бөлімшелерге жатқызу халықаралық Triage медициналық сұрыптау жүйесіне сәйкес жүргізіледі.
Департамент құрамына кіреді:
- динамикалық бақылау палатасы – 6 төсек;
• интенсивті терапия палатасы – 4 төсек;
• дәрігерлер кабинеттері;
• гинеколог дәрігер кабинеті;
• жеке санитарлық торап пен душы бар боксталған палата;
• хирургиялық және іріңді-хирургиялық науқастарға арналған таңу бөлмесі;
• санитарлық өткізгіш.
Палаталар функционалдық кереуеттермен, орталық оттегі жүйесімен және медициналық персоналды шақыру батырмаларымен жабдықталған.
Орналасуы
Шұғыл көмек департаменті аурухананың клиникалық корпусының (Е-блок) бірінші қабатында орналасқан. Бұл пациенттердің ыңғайлы маршрутизациясын және барлық клиникалық және диагностикалық бөлімшелермен жедел өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді.








