Трансфузиология департаменті пациенттерге трансфузиялық көмекті ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды тәулік бойы қамтамасыз етеді.
Департамент қызметі қан, оның компоненттері мен препараттарын қолданыстағы клиникалық хаттамаларға және трансфузиялық терапияның халықаралық стандарттарына сәйкес қауіпсіз әрі тиімді қолдануға бағытталған.
Қызметтің негізгі бағыттары:
- орталықтың клиникалық бөлімшелерінде трансфузиялық терапияны ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
• қан, оның компоненттері мен препараттарын жоспарлы және шұғыл тәртіпте уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету;
• мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қан, оның компоненттері мен препараттарының қажетті қорын қалыптастыру және сақтау;
• қан өнімдерін сақтау және тасымалдау шарттарының «суық тізбек (cold chain)» қағидатына сәйкес сақталуын бақылау;
• гемотрансфузия қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін иммуногематологиялық талдаулар жүргізу;
• заманауи қан сақтау технологияларын, соның ішінде операция кезінде қанның қайта құйылуын (интраоперациялық реинфузия) қолдану;
• трансфузиялық терапияға қажетті дәрілік заттар мен шығыс материалдарының резервін қалыптастыру;
• қан құюға қатысты медициналық құжаттаманың дұрыс рәсімделуін бақылау;
• дәрігерлерге трансфузиялық терапия мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсету;
• оқыту семинарларын ұйымдастыру, медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және клиникалық трансфузиология бойынша аттестаттау өткізу.
Заманауи технологиялар және қауіпсіздік
Департамент гемотрансфузия қауіпсіздігіне, зертханалық сүйемелдеудің сапасына және қан сақтау технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөледі. Аутотрансфузия және интраоперациялық реинфузия әдістерін қолдану донорлық қанға деген қажеттілікті азайтып, хирургиялық араласулардың қауіпсіздігін арттырады.
Департамент емдеу үдерісін үздіксіз қолдайтын маңызды құрылымдық бөлімше болып табылады және шұғыл, мамандандырылған әрі жоғары технологиялық медициналық көмекті қамтамасыз етеді.








