fbpx

KZ

2020 жылғы 9 ақпанда 9 күндік баласы бар 1993 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы ҚР санитарлық авиация желісі бойынша шұғыл түрде Қызылордадан Нұр-Сұлтанға тасымалданды.

Босанушы Қызылорда қаласындағы облыстық перинаталдық орталыққа келіп түсті, онда 2020 жылғы 31 қаңтарда туа біткен жүрек ақауы бар бала ауыр жай-күйде туды. Босанғаннан кейінгі кезеңде жаңа туған нәрестеге жай-күйі тұрақтанғанға дейін қажетті медициналық көмек көрсетілді. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін жаңа туған нәресте анасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми медицина орталығына санитарлық авиация күшімен жеткізілді. Мұндай қажеттілік бала денсаулығының ауыр жағдайына және кардиологиялық емдеуді жүргізу үшін қажетті медициналық жағдайлардың болмауына байланысты туындады.

Тасымалдаудың барлық барысында жаңа туған нәрестені санитариялық авиацияның мобильді бригадасы және неонатолог-реаниматолог алып жүрді. Қауіпсіздік пен қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін бала жаңа туған нәрестелерге арналған арнайы кювезге орналастырылды. Сонымен қатар, тыныс алу жеткіліксіздігі себебінен кішкентай пациент өкпені жасанды желдету аппаратында тасымалданды.

2019 жылы барлығы Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының медицина мамандары 3104 пациентке көмек көрсетті. ҰШМҮО көп жағдайда, қан айналымы жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарға, жазатайым оқиғалар, улану және жарақат алу кезінде, жаңа туған және бала патологиялары кезінде, сондай-ақ кезек күттірмейтін акушерлік жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсетеді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша патологиялық аурулары бар жаңа туған нәрестелер пациенттердің жалпы санының 14,3% - ын құрады.

FaLang translation system by Faboba