fbpx

KZ

2019 жылғы 2 желтоқсанда Жезқазған қаласының көпбейінді ауруханасында әйел ішектің туа біткен даму ақауы бар баланы босанды. Туған кезден бастап пациенттің жай-күйі тұрақты ауыр, жедел оперативтік емдеу қажет етілді. Алайда, қажетті медициналық технологиялардың жоқ болуы салдарынан мұндай ауырлықтағы хирургиялық операцияны жүргізу мүмкін емес болды.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмекті шұғыл алу қажеттілігіне байланысты жаңа туған нәрестеге хирургиялық емдеу жүргізу үшін оны Нұр-Сұлтан қаласының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізу туралы шешім қабылданды.

4 желтоқсан күні Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы кішкентай пациентті тасымалдау мақсатында Жезқазғаннан Нұр-Сұлтанға әуе кемесінің ұшуын ұйымдастырды. Жол бойы бала оттегін автоматты түрде беретін және оңтайлы температура мен ылғалдылықты сақтай отырып, санитариялық авиацияның ұтқыр бригадасының үздіксіз бақылауымен қауіпсіздік пен жайлылыққа кепілдік беретін мамандандырылған кувезде болды.

2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 2933 пациентке медициналық көмек көрсетті. Патологиялық аурулары бар жаңа туған нәрестелер пациенттердің жалпы санынан 14,3 % құрады.

FaLang translation system by Faboba