fbpx

KZ

2026 жылғы 3 ақпанда ҰШМҮО Комбустологиясы бар іріңді-септикалық хирургия департаментінде пластикалық хирург Ерлан Аметұлы мен дәрігер-комбустиолог Бекенова Лязиза Ануарбековнаның қатысуымен күрделі реконструктивті операция сәтті өткізілді.

Операция барысында бөлінген тері қиындысымен еркін аутодермопластика жасалып, сондай-ақ донорлық жаралар инновациялық Spincare жүйесін қолдану арқылы жабылды.

Spincare — Израильдің Nanomedic Technologies Ltd. компаниясы әзірлеген, терінің құрылымын имитациялайтын наноталшықты қабат қалыптастыру үшін электроспиннинг технологиясын пайдаланатын инновациялық жүйе. Бұл жүйе жараның тез жазылуына, ауырсынуды азайтуға және инфекция қаупін төмендетуге ықпал етеді.

FaLang translation system by Faboba