
Отепова Гульнара Данифовна
ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратында аккредиттеуден өткен «Қазақстандық жеке медициналық құрылымдар Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы.
Медицина ғылымдарының кандидаты, Білімі: Жоғары (Ташкент медициналық институты 1987-1993 ж.)
Еңбек өтілі:
1993-1994 жылдары облыстық көз емханасының ординатор дәрігері (Көкшетау қ.)
1994-1998 жылдары Көкшетау қаласында өзінің жеке кабинетінде офтальмолог дәрігер болып жұмыс істеді.
1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласында 3 жеке меншік клиника мен оптика салонының менеджментін жүзеге асыратын, өзі құрған «Отепова и Компания» ЖШС компаниясын басқарады.
2013 жылдан бастап ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының орталық аппаратында аккредиттеуден өткен «Қазақстандық жеке медициналық құрылымдар Қауымдастығы» ЗТБ төрағасы.
Марапаттар:
2002 жылы – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия ұйымдастырған «Әйел басқаратын үздік кәсіпорын» тақырыбындағы республикалық байқаудың «Халыққа қызмет көрсету» номинациясында 1-орын.
2006 жыл – Астана қаласы әкімдігімен өткізілетін «Үздік кәсіпорын» тақырыбындағы байқауда «Денсаулық» номинациясы бойынша 2-орын.
2007 жылы «Астанаға 10 жыл» медалімен куәлік № 15998 марапатталды.
2015 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына» медалімен марапатталды.
2015 жылы «Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына» медалімен куәлік № 06637 марапатталды.
2016 жылы «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» куәлік № 09309 медалімен марапатталды.
2018 жылы «Астананың 20 жылдығы» медалімен куәлік №7972 марапатталды.