fbpx

KZ

№ 3 қосымша

 

Өңірлер бойынша авиациялық қызметтерді сатып алуды қайта өткізу туралы хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының медициналық авиация желісі бойынша авиациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.

  1. Сатып алуды ұйымдастырушы (Тапсырыс беруші): ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК, 010000, Астана қ., Хусейн Бен Талал көшесі 14, БСН 130240021888.
  2. Сатып алынатын қызметтер: медициналық авиация желісі бойынша авиациялық қызметтер.
  3. Әуе кемелерінің орналасу орны (https://emcrk.kz).
  4. Қызметтерді көрсету мерзімі: шартқа қол қойылған сәттен бастап 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында.
  5. Авиациялық қызметтерді сатып алуға қатысуға өтінімді 2024 жылғы 08 тамыз сағат 11:00-ге дейінгі мерзімде ұсынуды сұраймыз.

Сатып алуға қатысуға құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін және осы Хабарландырудың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілер жіберіледі.

Сатып алынатын қызметтерге қойылатын біліктілік талаптары (https://emcrk.kz/).

Техниқалық ерекшелік (https://emcrk.kz/).

Қызметтерді көрсету үшін бөлінген тарифтер (https://emcrk.kz/).

Конверттерге мөрленген сатып алуға қатысуға өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК, 010000, Астана қ., Хусейн Бен Талал көшесі 14-ке ұсынады.

Өтінімдері бар конверттер 2024 жылғы 08 тамыз сағат 12:00-де мына мекенжай бойынша ашылады: Астана қ., Хусейн Бен Талал көшесі, 14, 1-қабат, конференц-залы.

Қатысуға өтінімді әлеуетті өнім беруші өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін мөрленген конвертте ұсынады.

Қатысуға өтінімі бар мөрленген конверттің алдыңғы жағында әлеуетті өнім беруші көрсетуі тиіс:

әлеуетті Өнім берушінің толық атауы және пошталық мекенжайы;

құжаттамада көрсетілген ұқсас мәліметтерге сәйкес келуі тиіс Тапсырыс берушінің толық атауы және пошталық мекенжайы.

Конверт мөрленіп, әлеуетті жеткізушінің мөрімен бекітілуі керек.

Әлеуетті өнім берушілер мен олардың өкілдері өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Жоғарыда аталған мерзімнен кеш түскен не конвертке ресімделмеген өтінімдер қабылданбайды. 

Әлеуетті өнім берушінің өтінімі, егер:

1) әлеуетті өнім беруші Хабарландыруда көзделген біліктілік талаптарына және/немесе техникалық ерекшелік талаптарына сәйкес келмейді;

2) қатысуға өтінім осы сатып алуға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен болса, толықтай қабылданбайды.

Шарттардың жобалары Тапсырыс берушінің сайтында Үлгілік шарттар (https://emcrk.kz/) орналастырылған.

Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі сұрақтар 2024 жылғы 08 тамызға дейін Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.  электрондық мекенжайға жіберілсін.

Қосымша ақпаратты +7 (7172) 709-677 телефоны арқылы алуға болады.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар