fbpx

KZ

Қарағанды облысының аумағы 239 045 км2 құрайды және халқының тығыздығының төмендігімен, елді-мекендер арасындағы үлкен қашықтықпен сипатталатын аумақтық-демографиялық ерекшеліктерге ие.

Өңірлік медициналық авиация қызметін үйлестіруші дәрігер Думан Серікбекұлы Исабаев басқарады.

Медициналық авиацияның мобильдік бригадалары 2022 жылдың 12 айында Қарағанды облысы бойынша барлығы 194 ұшуды орындады, оның ішінде: АН 2 ұшағында- 175  және ЕС – 145 тікұшағында - 19. Барлығы 225 медициналық қызмет көрсетілді: 208 пациент тасымалданды (92,5 %); 8 пациентке бетпе-бет консультациялық көмек көрсетілді, аудандық ауруханалар жағдайында 9 пациентке операция жасалды.

Өңірде медициналық авиация желісі бойынша қызмет көрсетуде бірінші орында қан айналымы жүйесі ауруы бар пациенттер тұр. 

Жерүсті медициналық авиация ауыр халдегі пациенттерге 2022 жылы 650 рет барды, 687 медициналық қызмет, оның ішінде 250-і балаларға көмек көрсетілді.

Санитариялық автокөлікпен алыс қашықтыққа шығу қолайсыз метеожағдайларға, жарық уақытының шектелуіне (тәуліктің түнгі уақытында) және әуе көлігімен тасымалдауға қарсы көрсетілімдерге байланысты жүзеге асырылды.

Медициналық авиация желісі бойынша шұғыл пациенттерге қызмет көрсетуді құрамына Қарағанды облысының облыстық медициналық ұйымдарының мамандары тартылған медициналық авиацияның мобильдік бригадаларының білікті құрамы жүзеге асырды.

Пациенттерге шұғыл медициналық көмек көрсетудің, мамандарды шалғай аудандарға жеткізудің арқасында еліміздің азаматтарының өмірі сақталды.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар