fbpx

KZ

Түркістан облысында ЖМЖ бригадасы жедел жәрдем көлігінде дүниеге келген жаңа туған нәрестені құтқарып қалды. 2020 жылғы 5 желтоқсанда түнгі сағат 3:41-де жедел медициналық жәрдем станциясының диспетчерлік қызметіне 1981 жылы туған әйелде іштің төмен тартып, толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданған шақыру келіп түсті. Шақырушы жүктіліктің 36-аптасында болған. Жедел медициналық жәрдем бригадасы пациентке 11 минутта жетті. Келгеннен кейін дәрігерлер әйелдің жай-күйін қанағаттанарлық деп бағалады, 5 сағат бойы толғақ айқындалған. Бригада жүкті әйелді жақын маңдағы перзентханаға шұғыл жеткізу туралы шешім қабылдады. Тасымалдау кезінде толғақ басталып, медицина қызметкерлері жедел жәрдем көлігінде босандыруға мәжбүр болды. Жаңа туған нәресте кіндігіне оралып туылды және дем алмады. Дәрігерлер дереу реанимациялық шаралар жасауға кірісті. Жаңа туған нәресте 10 минуттан кейін дем алды, тынысы қалпына келді. Сәбиді құтқарып қалды. Ана мен жаңа туған нәресте сағат 4:38-де Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының босану бөлімшесіне жеткізілді. Медицина қызметкерлерінің ақпараты бойы қазіргі уақытта босанған әйел мен жаңа туған нәресте өзін жақсы сезінеді.

FaLang translation system by Faboba