2025 жылғы 20-21 маусым күндері Астанада Халықаралық сарапшылар мен Қазақстан Республикасының инсульт қызметі мамандарының қатысуымен «Инсульт мектебі – 2025» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр.
Іс-шараны «Қазақ инсультологтар лигасы» қоғамдық бірлестігі мен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Республикалық инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығы ұйымдастырды.
Жиынды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы сөз сөйлеп ашты. Шараға Қазақстанның отандық жетекші мамандарымен қатар, Италия, АҚШ, Литва, Украина және Черногория елдерінен келген халықаралық сарапшылар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияның негізгі мақсаты — инсульттің алдын алу, диагностикалау, шұғыл медициналық көмек көрсету және оңалту мәселелері бойынша отандық және халықаралық тәжірибемен алмасу, сондай-ақ инсульт қызметінің тиімділігін арттыру жолдарын талқылау болмақ.
Айта кететін жәйт, 21 маусымда Angels Initiative ұйымының «Инсульт кезінде шұғыл көмек көрсету бойынша интерактивті workshop» мастер-классы, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас реабилитологының қатысуымен реабилитологтардың сессиясы өтеді деп жоспарлануда.