fbpx

KZ

2025 жылғы 15 маусым күні жол-көлік оқиғасынан ауыр жарақат алған екі пациентті Жарқайың аудандық ауруханасынан Көкшетау қаласындағы Көпбейінді облыстық ауруханаға шұғыл жеткізу жүзеге асырылды.

Тасымалдау реаниматолог дәрігер Сарыбаева И.К. мен анестезист мамандары Сансызбаева А. және Калижанова Н. бақылауымен жүргізілді.

Науқастардың диагнозы: жабық компрессиялық омыртқа сынығы және айқын деформациясы бар жабық асқынған омыртқа сынығы.

Медициналық мамандар мен тәжірибелі ұшқыштардың үйлесімді жұмысының арқасында науқастар тұрақтандырылып, әрі қарай ем алу үшін ауруханаға сәтті жеткізілді.

Бүкіл командаға жанкештілігі, жоғары кәсібилігі мен ерлігі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.

FaLang translation system by Faboba