Бүгін — халқымыздың тәуелсіз рухын, бірлігі мен бейбіт өмірге ұмтылысын айшықтайтын ерекше күн.
1992 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері — Ту, Елтаңба және Әнұран ресми түрде бекітілді.
Бұл ұлттық абыройдың, еркіндік пен ар-намыстың, миллиондаған азаматты біріктіретін қасиетті нышандар.
Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу — болашақ ұрпақ пен қасиетті Отан алдындағы перзенттік борышымыз.
Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!