fbpx

KZ

2025 жылғы 27 мамырда Хромтау аудандық ауруханасынан Ақтөбе қаласындағы облыстық көпсалалы ауруханаға «термиялық күйік» диагнозымен екі пациент жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайының ауырлығын ескере отырып, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен жедел түрде телемедициналық консультация өткізілді. Консультация нәтижесінде пациенттерді ҰШМҮО ауруханасына жеткізу туралы шешім қабылданды.

Медициналық эвакуация медициналық авиацияның мобильдік бригадасы күшімен ұйымдастырылды. Оның құрамында дәрігер И. Решетник, фельдшер Б. Шарипов, дәрігер С. Тілекберді және фельдшер Ж. Садуақасов болды. Пациенттер екі арнайы жабдықталған Як-40 әуе кемесімен тасымалданды.

Медициналық бригада мен ұшқыштар құрамының кәсіби әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында пациенттер жедел түрде ҰШМҮО-ға жеткізіліп, онда оларға жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуде

FaLang translation system by Faboba