fbpx

KZ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ҰШМҮО жанынан ашылған Жүрек ритмі орталығының жұмысымен танысты.

Сапар барысында орталықтың жетекшісі Аян Әбдірахманов мекеменің қызмет бағыттары мен заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, министр Жүрек ритмі ғылыми-зерттеу институты кафедрасының студенттерімен бейресми кездесу өткізді.

Жүрек ритмі орталығының ашылуы — Қазақстандағы аритмология қызметін дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Орталықтың негізгі мақсаты — халықты жүрек ырғағының бұзылыстарын анықтау мен емдеудің заманауи әдістерімен қамтамасыз ету, жоғары білікті мамандар даярлау және телемедициналық инфрақұрылымды дамыту. Мұнда аритмия кезінде 3D-картография, радиожиілікті абляция, сымсыз кардиостимуляторларды имплантациялау және басқа да жоғары технологиялық араласулар жүргізіледі.

Орталық ашылғалы бері 14 ота сәтті орындалып, барлық пациенттерге қажетті арнайы медициналық көмек көрсетілді.

FaLang translation system by Faboba