2025 жылғы 20 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында шала туған сәбиді шұғыл тасымалдау операциясы жүргізілді.
Кішкентай науқас ҰШМҮО медициналық авиациясының мобильді бригадасының көмегімен Риддер қаласынан Өскеменге «Ми-8» тікұшағымен жеткізілді.
Бригаданың құрамында неонатолог-реаниматолог Асхат Қуанышбаев, фельдшер Татьяна Сергеева, сондай-ақ ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары Руслан Ағламбеков пен Олег Алфеев болды.
Медициналық авиация тобының үйлескен әрекеттері мен ұшқыштардың жоғары шеберлігінің арқасында сәби шұғыл әрі қауіпсіз түрде медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлердің қарауына тапсырылды.