fbpx

KZ
ҰШМҮО Республикалық инсульт мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасындағы инсульт қызметінің бірыңғай үйлестірушісі ретінде 2025 жылдың 9-11 наурызында Германияның Франкфурт қаласында инсульт қызметінің мамандарына арналған «Train the Trainer» оқу тренингісі болып өткенін хабарлайды. Бұл шара инсульт кезіндегі медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.
Қазақстанның инсульт орталықтарынан жас невролог дәрігерлері Қостанай қаласындағы инсульт орталығынан Аманат Мұханбетқалиев, Астана қаласындағы инсульт орталығынан Ботакөз Өтегенова және Атырау қаласындағы инсульт орталығынан Ақерке Жұмалиева қатысты. Дәрістен соң мамандарға сертификаттар берілді.
Тренингке Армения, Қырғызстан, Эстония, Литва, Латвия, Солтүстік Македония, Чехия, Босния және Герцеговина, Хорватиядан да мамандар шақырылды.
Тренингті инсультпен күресуге арналған еуропалық үкіметтік емес ұйымы «Angels Initiative» қауымдастығы ұйымдастырды.
FaLang translation system by Faboba