fbpx

KZ

Күні кеше Қостанай облысының жедел жәрдем бригадасы клиникалық өлім жағдайында болған жаңа туған нәрестені (24 күндік) сәтті реанимациялады. Жедел жәрдем көлігімен ауруханаға бара жатқан жолда сәбидің жүрегі мен тыныс алуы тоқтап, клиникалық өлім жағдайы орын алды. Бригада дәрігері Сұлтан Жүсіпов пен фельдшер Александр Калетин шұғыл түрде реанимация шараларын бастады. Медициналық қызметкерлердің нақты және кәсіби әрекеттерінің арқасында сәби қайта өмірге келді. Ол облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде реанимация дәрігерлеріне аман-есен тапсырылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық, ол ауруханада ем қабылдап жатыр. Ата-анасының айтуынша, өздігінен тыныс алуда.

 

FaLang translation system by Faboba