fbpx

KZ

«103» -ке «Физикалық жүктемеден кейінгі жүректің қатты соғуы, кеуде тұсының ауырсынуы» себебімен шақырту келіп түсті. Шақыртуға Алтай ауданы жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының 19-шы бригадасы дереу жіберілді. Жедел медициналық жәрдем келгенге дейін диспетчер ұсынымдар берді. Бригада шақырту орнына келген кезде ер адам екі минут бойы ес-түссіз болды. Тыныс алу да, тамыр соғуы да болмады. Клиникалық өлім тіркелді, жедел медициналық жәрдем бригадасы кеуде қуысын қысу, жасанды желдету және дефибрилляторды қолдану арқылы реанимациялық шараларды бастады.

Тек оныншы минутта ғана пациент өздігінен тыныс ала бастады, магистралды тамырларда пульс пайда болды, терісі қызғылт түсті болып, есіне оралды. Одан кейін ер адам Алтай өңірінің ауданаралық ауруханасына жеткізілді.

Пациенттің өмірін сақтап қалған осы ЖМЖ бригадасы жедел медициналық жәрдем қызметкерлерін оқыту және практикалық дағдыларын бекіту мақсатында Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында ашылған жаңа симуляциялық орталықта практикалық дағдыларын жетілдіргенін атап өткен жөн. Осындай аса қажет кешен Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында да ашылып, жұмысын бастайды.

FaLang translation system by Faboba