fbpx

KZ

Ағымдағы жылдың 21 мамырында 2001 жылы туылған ер адам өндірістік жарақат алды. Ол самосвал мен вагонның арасында қалған. Жедел медициналық жәрдем мамандарының жылдам жұмысының арқасында пациент Балқаш қаласындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Қарап-тексеруден кейін жарақат бөліміне емдеуге жатқызылды. Пациентке қойылған диагноз: омыртқасының бел-сегізкөз бөлігіндегі және жамбас сүйектерінің көптеген сынықтары, ми шайқалу, ығысуы бар әртүрлі сүйектердің жабық ұсақталған сынықтары, жұмсақ тіндердің көгеруі және сыдырылуы.

Алынған жарақаттардың ауырлығын және мамандандырылған медициналық көмекке мұқтаждығын ескере отырып, пациент шұғыл түрде Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасының профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасына медициналық авиация желісі арқылы жеткізілді. Оперативтік емдеу үшін тасымалдауды медициналық авиацияның мобильдік бригадасы әуе көлігімен жүзеге асырды.

FaLang translation system by Faboba