fbpx

KZ

Жаңадан салынған Түркістан облыстық ЖМЖС құрамында 149 бригада бар, оның 34-і мамандандырылған (дәрігерлік) және 115-і фельдшерлік. Бүгінгі таңда Түркістан ЖМЖС балансында 200 бірлік санитариялық автокөлік бар. Барлық санитариялық автокөлік шұғыл медициналық көмек көрсету үшін дефибриллятор, кардиостимулятор, кардиоверсия, кардиомонитор, ЭКГ, ӨЖЖ аппараты, оттегімен және электрлік, механикалық сорғыш құрылғылары сияқты қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Ғимарат 3 қабаттан тұрады: әкімшілік, жедел-жәрдем бекеті, оперативті бөлім.

FaLang translation system by Faboba