- Наурыз мерекесінде халқымыздың асыл қасиеттері мен құндылықтары түгел көрініс тапқан. Биыл Ұлыстың ұлы күні Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақ жеріндегі дін мен дәстүрдің үйлесімі дәл осы кезде айқын көрінеді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Президентіміздің сөзін тілге тиек ете отырып, Наурыз мерекесімен барша қазақстандықтарды құттықтайды.