fbpx

KZ

Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Ана тіліміз – тәрбие құралы және адамдардың тілдік қарым-қатынасын байланыстыратын болмыс өзегі. Тілдер күні – Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі.

Мереке Тәуелсіз Қазақстанда 1998 жылы қабылданды және бастапқыда қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілген. 2017 жылы Тілдер күні мерекесін атап өту күні өзгертілді, оны көрнекті ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырды. Бүгін мерекелік күндер тізімінде бұл күн 5 қыркүйек деп белгіленген.

Қазақстан халқының Тілдер күні еліміздің азаматтары үшін өте маңызды, өйткені ҚР аумағында тұратын әрбір этностың мәдени әртүрлілігін, өзіндік ерекшелігін көруге мүмкіндік береді. Әр халықтың ана тілі – оның игілігі мен құндылығы.  Тіл – халықтың рухани мұрасы, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін асыл қазынасы.

Баршаңызды Тілдер күні мерекесімен құттықтаймыз!

FaLang translation system by Faboba