Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің«Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ресми сайтына қош келдіңіздер.
Ұйымның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында халықтың өлімі мен мүгедектігін азайту үшін медициналық авиация нысанында (әуе көлігін пайдалана отырып) шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту болып табылады. Орталық өз қызметін ұсыну тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырады.
ҰШМҮО шұғыл медициналық және консультативтік көмек көрсету, ауыр халдегі пациенттерді тасымалдау, медицина мамандарын жеткізу, медициналық авиация желісі бойынша донорлық тіндерді, ағзалар мен биоматериалдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетеді. Пайдаланылатын ұшақтар мен тікұшақтар міндетті түрде Азаматтық авиация комитетінде сертификатталған. Медициналық авиацияның мобильдік бригадаларын медициналық жабдықтармен және дәрілік заттармен жарақтандыру нақты регламенттелген және үздіксіз бекітілген медициналық мақсаттағы жабдықтар мен бұйымдардың ең төменгі тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады, бұл ауада да, жерде де реанимациялық іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік береді. Медициналық авиацияның мобильдік бригадасының міндеті пациентті тасымалдау кезінде оны алып жүру ғана емес, ұшу кезінде туындауы мүмкін қиындықтарды ескере отырып, оның жай-күйін бақылау, ұстап тұру, бортта пациенттің барынша қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Орталықтың барлық мамандары жоғары білікті мамандар болып табылады, өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге ұмтылады, соның арқасында әрбір пациентке сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсетіледі.
Медициналық авиация түріндегі медициналық көмекпен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындары қамтылған. Медициналық авиация қызметімен мұндай жаппай қамтылу Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтай отырып, шалғай және жетуі қиын аудандардың тұрғындарына уақтылы және сапалы мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Медициналық авиация нысанында медициналық көмек көрсету мақсатында авиациялық қызметтерді пайдалану үшін негіздемелер Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып, көрсету қағидаларын бекіту туралы №ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығында көрсетілген.
Айта кету керек, қызметтің барлық кезеңінде 2023 жылға дейін медициналық авиация желісі бойынша орындалған ұшулар саны 25 280 ұшуды құрады:
2011 жылы – 323;
2012 жылы – 1 005;
2013 жылы – 1 355;
2014 жылы – 1 875;
2015 жылы – 2 149;
2016 жылы – 2 192;
2017 жылы – 2 210;
2018 жылы – 2 351;
2019 жылы – 2 369;
2020 жылы – 2 185;
2021 жылы – 2 586;
2022 жылы – 2 357;
2023 жылы – 2 323.
Сонымен қатар, Орталық Қазақстан Республикасы жедел медициналық жәрдем қызметінің мониторингін жүзеге асырады. 2023 жылы Қазақстан Республикасы бойынша жедел медициналық көмекке шақыртулар саны 8 568 761 құрады, оның ішінде 1 –жеделділік санатындағы шақыртулар саны – 424 917 шақырту ( 5 %), 2 – жеделділік санатындағы -2 381 210 шақырту (27,8%), 3-жеделділік санатындағы - 2 608 014 шақырту (30,4 %), 4-жеделділік санатындағы - 3 154 620 шақырту (36,8%).
Мемлекет басшысының жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында қызметтің негізгі міндеттерінің бірі шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарын енгізу болып табылады. Осылайша, ҰШМҮО базасында Оқыту-тренингтік орталық ұйымдастырылған, оның нұсқаушы-дәрігерлері республикамыздың медицина қызметкерлерін BLS халықаралық стандарттарына, ACLS, PALS, PHTLS стандарттарына, медициналық көлік жүргізушілерін қауіпсіз жүргізу техникасы бойынша тренингке оқыту және т. б. бойынша ауқымды оқытуды жүргізеді.
Сондай-ақ, ҰШМҮО құрылымында Ахуал орталығы тәулік бойы белсенді жұмыс жүргізеді, оның мамандары сараптама тобымен бірлесіп, тұрақты негізде анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіндегі ауыр халдегі пациенттерге медициналық авиация желісі бойынша медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін күнделікті тәулік бойы мониторинг және талдау жүргізеді.
Республикалық медициналық ұйымдардың, Астана және Алматы қалаларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарының білікті бейінді мамандары (реаниматологтар, акушер-гинекологтар, инфекционистер, пульмонологтар, кардиологтар, нефрологтар және басқалар) құрамындағы сараптамалық топ 2023 жылы 4 769 қашықтықтан медициналық қызмет көрсетті
2023 жылы Ахуал орталығының негізгі штат мамандары аса шұғыл пациенттер үшін 12 556 дан астам қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді көрсетті.
ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы қызметінің бағыттарын іске асыру халықтың шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасына қанағаттанушылығын арттыра отырып, мыңдаған адамның өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектесетінін атап өту қажет.
Қорытындылай келе, Сіздің назарыңызды «Бізге пікір қалдыңыз» деп аталатын сайт бөліміне аударамын. Осы құралдың көмегімен Сіз бізге сұрақтар, шағымдар және тілектермен жүгіне аласыз.