fbpx

KZ

ТМД аумағында алғаш рет шұғыл медициналық көмек қызметтері үшін PHTLS (Prehospital Trauma Life Support – жарақаттар кезіндегі емдеуге жатқызуға дейінгі кезек күттірмейтін көмек) халықаралық стандарттарына сәйкес кезек күттірмейтін көмек көрсету бойынша жаттықтырушылар оқытылуда.

Оқыту NAEMT (National Association of Emergency Medical Technicians – Кезек күттірмейтін көмек мамандарының ұлттық қауымдастығы) сарапшыларын шақырумен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы базасында өтеді.

NAEMT халықаралық кәсіби ұйымы 1975 жылы құрылды және бүгінде 72 000-нан астам мүшесі бар. NAEMT тәжірибелердің білімі мен дағдыларын жақсарта және шұғыл медициналық көмектің зерттеулері мен инновацияларын қолдай отырып, сапалы білім беру арқылы пациенттерге сапалы көмек көрсету мәселелерімен айналысады. NAEMT мүшелері шұғыл медициналық көмектің барлық секторларында жұмыс істейді.Оқытуды NAEMT (National Association of Emergency Medical Technicians) халықаралық ұйымымен сертификатталған жаттықтырушылар өткізеді. PHTLS курсы медициналық басшылық ету және PHTLS бағдарламасының мазмұнын бақылау қамтамасыз етілетін Американдық хирургтер колледжінің жарақаттар жөніндегі комитетімен бірлесе отырып, NAEMT әзірленген.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Л.Ақтаеваның сөзі бойынша бұл тарихи жағдай болып табылады. Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация қызметкерлерін бұндай деңгейде оқыту өз кезегінде жарақаттар кезінде емдеуге жатқызуға дейін кезек күттірмейтін көмек көрсетуде тартылатын медициналық ұйымдардың қызметкерлерін оқытуды жалғастыратын PHTLS жаттықтырушыларының кадрлық құрамын құруға негіз қалауға мүмкіндік береді.

Бұл жақын арада каскадты оқыту арқылы шұғыл медициналық көмек қызметінің барлық қызметкерлері халықаралық стандарттар бойынша жарақаттар кезінде емдеуге жатқызуға дейін кезек күттірмейтін көмек көрсету дағдыларын меңгеретінін білдіреді.

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар