fbpx

KZ

Халыққа көрсетілетін шұғыл медициналық қызметтер сапасының жеделдігін жақсарту мақсатында 2018 жылдан бастап Ақмола облысында Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жанында медициналық авиация бөлімшесі жұмыс істейді.

2022 жылы өңірлік бөлімше 41 ұшу орындады, 44 медициналық қызмет көрсетілді.

Оның көп бөлігі қанайналым жүйесінің жарақаттары мен аурулары бар пациенттерге шұғыл көмек көрсету болып табылады. 27 тасымалдау жүзеге асырылды, аудандық ауруханалар жағдайында 13 операция орындалды, орнында 4 бетпе-бет консультация өткізілді.

Пациентке әуе кемесімен ұшу мүмкіндігі болмаған жағдайда, өңірдің климаттық жағдайларына қарамастан, мобильдік бригада жерүсті көлігімен шығады. Ауыр халдегі пациенттерге 352 шығу жүзеге асырылды, медициналық мамандар облыстық және елордалық клиникаларға 212 тасымалдау орындалды. 68 операция, 86 бетпе-бет консультация өткізілді.

Сондай-ақ, медициналық авиация қызметінің мамандары телефон арқылы 495 консультация, республикалық медициналық орталықтармен 60 консультация және облыстың аудандық ауруханаларымен 1624 консультация, оның 126-сы бейнеконсультация өткізілді.

Өңірде медициналық авиацияны шақырудың негізгі себебі аудандық ауруханаларда бейінді мамандардың болмауы болып табылады.

Өңірде медициналық авиация саласын дамыту халыққа медициналық көмек көрсету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету кезінде проблемалық мәселелерді сәтті шешуге мүмкіндік береді.

 

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар