fbpx

KZ

Қызылорда облысының халқы 900 мыңға жуық адамды құрайды. Қазір жетуі қиын жерлерге, шұғыл түрде облыстық медициналық орталыққа жеткізілуі қажет пациенттерге шұғыл шақырулар әлі де азаяр емес. Сөз етіп отырған пациенттеріміз өте ауыр халдегілер, зардап шеккендер өмір мен өлімнің арасында болады. Медициналық авиация нысанында білікті медициналық көмек көрсету олардың өмір сүру және қалпына келу мүмкіндігін едәуір арттырады.

Қызылорда облысының медициналық авиация бөлімшесі тәулік бойы кезекшілік етеді, дәрігерлік бригадалар тұрақты дайындықта тұрады.

Халыққа медициналық көмек көрсетуге қажетті медициналық техникамен жабдықталған Ан -2 ұшағы, бір тікұшақ, санитарлық автокөлік жұмылдырылған.

Медициналық авиация бөлімшесінде 5 фельдшер жұмыс істейді, оның ішінде 2 фельдшердің жоғары санаты және 3 фельдшердің бірінші санаты бар.

Олар BLS, ASLS, PALS, PHTLS халықаралық курстарында оқыды және осы салада үлкен жұмыс өтілі бар.

Сондай-ақ, қажет болған жағдайда ұшуға бейінді дәрігерлер тартылады.

Сонымен қатар, 6 кәсіби жүргізуші қауіпсіз жүргізу техникасы бойынша оқытудан өтті.

2022 жылы Қызылорда облысы бойынша медициналық авиация желісі арқылы қызмет көрсетілген пациенттердің саны 815-ті құрады, оның ішінде санитарлық автокөлікпен 699 пациентке 612 рет шығу жүзеге асырылды, әуе кемесінде 113 ұшу орындалды және 116 пациентке қызмет көрсетілді.

327 пациентке аудандық ауруханалардағы пациенттерге облыстық медицина мамандары бетпе-бет консультация өткізді. 316 пациент тасымалданды, 172 пациентке аудандық ауруханалар жағдайында операция жасалды.

Ауданаралық ауруханалардың мамандары облыс орталығының бейінді консультанттарымен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасайды, онлайн-консультациялар ұйымдастырады.

2022 жылдың қыркүйегінде медициналық авиация фельдшері Шымкент қаласында өткен жедел медициналық жәрдем бригадаларының Республикалық спартакиадасына қатысып, команда 4-ші орынға ие болды.

2022 жылы Қызылорда облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы 1 санатты ала отырып, ұлттық аккредиттеуден өтті.

Қызылорда облысының медициналық авиация бөлімшесі өткен жылы облыс тұрғындарының денсаулық сақтау саласында өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған үлкен жұмыс жүргізді. Алда - жаңа жағдаяттар, жаңа пациенттер күтуде!

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар