fbpx

KZ

Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ ауыр халдегі пациенттерге шұғыл көмек көрсету үшін медициналық авиация борттары пайдаланылады, медициналық авиацияның мобильдік бригадасының құрамына кіретін дәрігерлер көмекке ұшып шығады.

Қызметтің негізгі міндеті – «ауыр халдегі» пациентті қарапайым жедел жәрдем көлігімен тасымалдау мүмкіндігі болмаған жерде – ауданның облыс орталығынан алыс орналасқан жолсыз жағдайда көмекке келу.

Жамбыл облысының медициналық авиация қызметі 2022 жылы 168 ұшу орындады. Қызмет көрсету радиусы 490 км-ге дейін. 142 пациент тасымалданды, 21 консультация өткізілді, 13 орнында операция жасалды.

Нозология бойынша сырқаттанушылық статистикасы өңірде күрделі жол жабындыларына байланысты жол-көлік оқиғалары нәтижесінде алған жарақаттары (71 пациент) бар пациенттерге ұшулар бірінші орында тұрғанын көрсетеді.

Жер үсті көлігімен 711 шақыруға қызмет көрсетілді. 436 пациент медициналық мекемелерге тасымалданды, 207 пациентке консультация өткізілді, аудандық ауруханалар жағдайында 113 операция жасалды. 

Қазіргі уақытта медициналық мамандарды жеткізу және пациенттерді тасымалдау АН-2 ұшағымен және EC-145 тікұшағымен, сондай-ақ арнайы жабдықталған реанимобильдермен жүзеге асырылады.

Күнделікті қызмет режимінде бөлімше: ауыр халдегі пациенттерді медициналық көрсеткіштері бойынша облыс орталығының медициналық ұйымдарына тасымалдауды, өңір тұрғындарына ұшып-шығу және шығу кезінде және телефон арқылы шұғыл консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

1353 қашықтан медициналық қызмет көрсетілді, оның ішінде телефон арқылы 18 жасқа дейінгі балаларға – 526.

Медициналық авиация желісі бойынша ұшуларды үш - акушерлік-гинекологиялық, неонатологиялық және нейрохирургиялық-травматологиялық мобильдік бригада орындайды.

Медавиация қатарына дәрігерлердің тек ең үздіктері таңдалады. 2022 жылы ұшып шығатын және шақыруға шығатын мамандардың үлкен үлесі Тараз қалалық көпбейінді ауруханасынан, Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасынан, облыстық перинаталдық орталықтан, Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасынан реаниматолог дәрігерлерге, нейрохирургтар мен неонатологтарға тиесілі болды.

Өңірдегі медициналық авиацияны шақырудың негізгі себептері: жергілікті жерлерде, аудандық ауруханаларда бейінді мамандардың тапшылығы, аудандық деңгейде КТ және МРТ болмауы.

Бүгінгі таңда медициналық авиация пациентті қысқа мерзімде бейінді медициналық мекемеге жеткізе отырып, ел тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетуде өте үлкен рөл атқарады. Ал Жамбыл облысы бұл тапсырманы сәтті орындауда!

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар