fbpx

KZ

Абай облысының медициналық авиация бөлімшесі (бұрын – Семей қ.) облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында 2010 жылдан бастап жұмыс істейді.  Елімізде жаңа Абай өңірінің құрылуына байланысты медициналық қызметке жүктеме де өсті – қызмет көрсетілетін аумақ ұлғайды, қызмет көрсетілетін халықтың саны өсті.

Қызмет көрсету аймағына кіретін аудандар: Абралы, Абай, Бесқарағай, Аягөз, Бородулиха, Жарма, Үржар, Ақсуат, Көкпекті, Курчатов, Жескент, Шар қалалары болып табылады.

Қызмет көрсету радиусы 620 км-ге жетеді. Өңірлердің облыс орталығынан қашықтығын, қыс мезгіліндегі қиын климаттық жағдайларды ескере отырып, ауыр халдегі пациенттерге шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған кезде медициналық авиация борты көмекке келеді. Мамандарды әуе арқылы жеткізу дәрігерлерге ауыр халдегі пациенттермен жұмыс істеуге өте қажет уақытты үнемдейді.

2022 жылы Абай облысының өңірлік медициналық авиация мобильдік бригадалары 185 ұшуды орындап, 222 пациентке қызмет көрсетті. 210 тасымалдау жүзеге асырылды, аудандық ауруханалар жағдайында 7 операция орындалды, 5 бетпе-бет консультация өткізілді.

Ауа райы жағдайларының болмауы, тәуліктің түнгі уақытында ұшу уақытының шектелуі, борттың бос болмауы себебінен әуе көлігімен ұшу мүмкіндігі болмаған кезде мобильдік бригада ауыр пациенттерге 192 рет жер үсті көлігімен барды. Мәселен, медициналық мамандар облыстық клиникаларға 180 тасымалдауды жүзеге асырды, 7 операция, 14 бетпе-бет консультация жүргізілді. 199 пациенттің өмірі сақталды.

Сондай-ақ, медициналық авиация қызметінің мамандары телефон арқылы 886 консультация, 80 қашықтан медициналық қызмет, оның 72-сі балаларға ұйымдастырды.

Бұл өңірде жарақаттарды емдеу медициналық қызмет көрсетуде жетекші орын алатынын айта кету керек.  Мәселен, олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығында абайсызда алған жарақаттар, көше және тұрмыстық жарақаттар болып табылады.

Жер үсті көлігімен қызмет көрсету кезінде ми қанайналымының жіті бұзылулар және жіті коронарлық жай-күйлер жетекші орын алады.

Әрбір өтінім, әр ұшып шығу – пациенттің денсаулығы және оның өмірі. Сондықтан медициналық авиацияға үздік мамандар: дәрігерлер мен фельдшерлер, өз ісінің нағыз шеберлері тартылады.

Өңір тұрғындарына медициналық авиация желісі бойынша қызмет көрсету кезінде Семей қаласының Облыстық перинаталдық орталығының, жедел медициналық жәрдем ауруханасының, сондай-ақ «СМУ» КеАҚ университеттік госпиталінің медицина мамандары белсенді қатысты.

2022 жыл Абай облысы үшін жедел медициналық жәрдем бригадаларының республикалық жарыстарында 3 жүлделі орынға ие болды, бұл олардың үйлесімді командалық жұмысы мен жоғары кәсіби дағдыларын көрсетеді.

Абай облысының өңірлік медициналық авиация қызметі даму жолында зор әлеуетке ие, өйткені адам өмірін құтқару мәселесінде әрбір ұсақ дүние маңызды!

Жаңа жылдан бастап өңірде заманауи әуе бортының негізі қаланатын болады, бұл қызметтің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге, ұшулар санын ұлғайтуға және тиісінше – еліміздің азаматтарының құтқарылған өмірі санын арттыруға мүмкіндік береді!

        

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар