2026 жылғы 4 мамырда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына Қытай Халық Республикасынан дәрігерлер делегациясы жұмыс сапарымен келді.
Кездесу барысында шетелдік әріптестер орталықтың қызметімен танысып, негізгі бөлімшелерін аралап, заманауи медициналық жабдықтарды тамашалады.
Сонымен қатар, қонақтар нейрохирургиялық операцияның барысын бақылап, мамандардың тәжірибесіне жоғары қызығушылық танытты.
Аталған сапар медицина саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуды дамытуға маңызды қадам болды.