fbpx

KZ

28 сәуір — Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері күні! 

Бүгін адам өмірін сақтап қалу жолында күн сайын шұғыл әрекет етіп, кәсіби қызмет атқаратын мамандардың мерекесі атап өтіледі.

Жедел медициналық жәрдем қызметі — денсаулық сақтау жүйесінің негізгі әрі аса жауапты құрылымдарының бірі. Қазақстанда жедел медициналық жәрдем қызметі 20 станция, 93 қалалық қосалқы станция және 189 аудандық бөлімше арқылы ұсынылып, ел аумағында медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Жыл сайын жедел медициналық жәрдем қызметінің мамандары 8 миллионнан астам шақыртуға қызмет көрсетіп, жоғары кәсібилік, жанқиярлық және кез келген сәтте көмекке келуге дайын екенін көрсетіп келеді.

Жедел медициналық жәрдем қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге мықты денсаулық, күш-қуат, амандық және игі істеріңізде табыс тілейміз!

FaLang translation system by Faboba