fbpx

KZ

2026 жылғы 23-26 сәуір күндері Түркияның Анталия қаласында жедел медицина және қарқынды терапия бағытындағы бірқатар маңызды халықаралық жиындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Жедел медицина бойынша 13-ші халықаралық конгресс, қарқынды терапия және жедел медицина бойынша 13-ші халықаралық конгресс, жедел медицина бойынша 22-ші ұлттық конгресс және 2026 WACEM көшбасшылардың жазғы саммиті өткізілді.

Аталған конгреске ҰШМҮО Басқарма Төрағасының шұғыл көмекті үйлестіру жөніндегі орынбасары Сапаров Асхат Ишанғалиұлы қатысты. Ол іскерлік бағдарлама аясында баяндама жасап, жедел медициналық көмекті дамыту жүйесінің өзекті мәселелері мен негізгі бағыттарын атап өтті.

Конгресс жедел медицина саласының 53 елден келген мамандарын біріктіріп, кәсіби диалог, озық тәжірибе алмасу және қазіргі заманғы сын-қатерлерді талқылауға тиімді алаң болды.

Осындай халықаралық іс-шараларға қатысу ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби біліктілікті арттыруға және жедел медициналық көмек жүйесіне әлемдік үздік тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді.

FaLang translation system by Faboba