2026 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясына Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының ұжымы қатысты.
Сенбілік аясында ҰШМҮО қызметкерлері аумақты ауқымды тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, қаланы көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
«Астана Тазалық» ЖШС және Кәсіптік-техникалық колледж ұжымымен бірлесіп 100 ағаш отырғызылды — бұл экологиялық тұрғыдан қолайлы әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға жасалған тағы бір қадам.
Іс-шараның маңызды нәтижелерінің бірі — ҰШМҮО, «Астана Тазалық» ЖШС және Кәсіптік-техникалық колледж арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылуы болды. Тараптар жасыл желектерді күтіп-баптау, аумақты тазалау, қоқыс шығару және экологиялық бастамаларды жүзеге асыру бойынша күш біріктіруге келісті.
Іс-шараға «AMANAT» партиясының «Бірлік» филиалының хатшысы да қатысып, мұндай бастамалардың қоғамның тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.
Күн соңында ҰШМҮО қызметкерлері үшін «ҰШМҮО қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған фуршетпен аяқталды.
Табиғатқа қамқорлық — бұл жай ғана сөз емес, нақты іс. Бірге біз қаламызды таза, жасыл әрі көрікті етеміз!