2026 жылғы 22 сәуірде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына Монғолия Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы ресми сапармен келді.
Сапар «Accreditation Center for Quality in Healthcare» (ACQH) қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп, Астана қаласының медициналық ұйымдарының қызметімен танысу және кәсіби тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
Кездесу барысында делегация өкілдері орталықтың негізгі қызмет бағыттарымен жан-жақты танысып, ҰШМҮО-ның негізгі құрылымдық бөлімшелерін аралап көрді.
Сапардың негізгі мақсаты – халықаралық аккредиттеу стандарттарын енгізу тәжірибесін зерделеу, пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесімен және медициналық көмектің сапасын басқару тетіктерімен танысу, сондай-ақ ұйымдар арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту.