2026 жылғы 18 сәуірде «Beijing Puhua International Hospital» клиникасынан (Бейжің қ., ҚХР) Астана қаласына 15 жастағы пациент шұғыл түрде тасымалданды. Диагнозы: миішілік көлемді түзіліс.
Бүкіл ұшу барысында пациент үздіксіз медициналық бақылауда болды. Оттегі терапиясы жүргізілді, тыныс алу жолдарына аспирация жасалды, сондай-ақ өмірлік маңызды көрсеткіштер тұрақты түрде мониторингтен өткізілді.
Медициналық сүйемелдеуді дәрігер Жолдыбалин Саябек пен фельдшер Сәдуақасов Жасұлан қамтамасыз етіп, тасымалдаудың барлық кезеңдерінде науқастың жағдайын бақылауда ұстады.
Мамандардың үйлесімді және кәсіби жұмысының арқасында пациент Астана қаласындағы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына әрі қарай мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін сәтті жеткізілді.