2026 жылғы 17 сәуірде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында «Train the Trainer Workshop» халықаралық білім беру воркшопының екінші күні өтті. Іс-шара Angels бастамасы және «Қазақ инсультологтар лигасы» қоғамдық бірлестігімен ұйымдастырылған.
Бүгінгі бағдарлама жедел медициналық жәрдем қызметі мен инсульт орталықтары арасындағы ауруханаға дейінгі және аурухана ішіндегі кезеңдердегі өзара іс-қимыл мен коммуникацияға арналған. Қатысушылар тәжірибелік форматта өз дағдыларын дамытып, тәжірибелерін арттырды.
Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан келген медициналық мамандар тәжірибе алмасып, инсультті емдеудің заманауи тәсілдерін талқылап, командалық жұмысты жетілдірді.
Әр елден 8 қатысушыдан ұсынылған, олардың қатарында инсультолог дәрігерлер, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары және жедел медициналық жәрдем қызметінің өкілдері бар.
Алынған білім мен тәжірибе алдағы уақытта инсульт көмегін дамытуға және медициналық қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді.