fbpx

KZ

        ҰШМҮО-ның комбустиологиясы бар іріңді-септикалық хирургия департаментінің дәрігер-резиденті Литовник Олег Игоревич Бішкек қаласында өткен, денсаулық сақтау саласындағы алғашқы әйел министр Фатима Нұрғазиеваға арналған «ҚММА Ғылым күндері» атты жас ғалымдардың 63-ші халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, баяндама жасады.

Конференция аясында «Деструктивті панкреатит кезінде дәрілік заттарды бағдарламаланған ұзақ мерзімді тамырішілік енгізу» тақырыбында баяндама ұсынылды. Баяндамада заманауи хирургияның өзекті мәселелері қарастырылып, сондай-ақ, автордың жеке клиникалық тәжірибесінің нәтижелері ұсынылды.

Баяндама конференция қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырып, ғылыми қауымдастық тарапынан жоғары бағаланды.

Аталған іс-шараға қатысу ҰШМҮО-ны халықаралық деңгейде лайықты таныстыруға және кәсіби әрі ғылыми байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

FaLang translation system by Faboba