2026 жылғы 16 қаңтарда Павлодар қаласынан Астанаға жедел түрде жаңа туған нәресте жеткізілді. Диагнозы: жүректің туа біткен ақауы, ауыр тыныс жеткіліксіздігі және ауыр жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі.
Кішкентай пациентті ҰШМҮО медициналық авиациясының мобильдік бригадасы дәрігер Исмағұлова Райхан және фельдшер Құндақбаев Ерулан жеткізді, сондай-ақ, Жүрек орталығынан дәрігер-консультант, реаниматолог-анестезиолог Хафис Сакенұлы қатысты.
Қазіргі уақытта жаңа туған нәресте ауруханаға жатқызылып, мамандардың бақылауында. Оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.
Баланың тез арада сауығып кетуін тілейміз!