fbpx

KZ

2026 жылғы 17 қаңтарда Албания Республикасының Тирана қаласынан 1987 жылы туған, ауыр хәлдегі, жедел ми қанайналымының бұзылуы диагнозы қойылған пациент шұғыл түрде тасымалданды.

Пациентті ҰШМҮО медициналық авиациясының мобильдік бригадасы – дәрігер Бейсенов Ақан және фельдшер Шарипов Болат алып жүрді.

Келгеннен кейін пациент ҰШМҮО-ның анестезиология, реанимация және қарқынды терапия департаментіне жатқызылып, қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Пациенттің тез арада сауығып кетуін тілейміз!

FaLang translation system by Faboba