2026 жылғы 14 қаңтарда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына Степногорск қаласынан жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған пациент шұғыл түрде жеткізілді.
Пациентті тасымалдауды ҰШМҮО медициналық авиациясының мобильдік бригадасы дәрігер — Жұмағұлов Жасұлан Серікболұлы, фельдшер — Тоқтыбаев Асылбек Мэлсұлы жүзеге асырды. Тасымалдау ЕС-145 тікұшақ әуе кемесімен жүргізілді.
Пациент ҰШМҮО-ның көп жарақаттар департаментіне жатқызылып, қажетті мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуде.
Пациентке жылдам сауығып, толық қалпына келуін тілейміз.