fbpx

KZ

     

Сыбайлас жемқорлық – даму деңгейіне қарамастан, белгілі бір дәрежеде барлық елдерге әсер ететін күрделі әлеуметтік, экономикалық және саяси құбылыс. Ол қоғамның экономикалық дамуын бәсеңдетеді және мемлекеттік негізге нұқсан келтіреді.

Статистикалық зерттеулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кезінде мемлекеттің табысы 4 есе (ұзақ мерзімді перспективада) ұлғаюы мүмкін екенін, бизнес 3 пайызға қарқынды дами алатынын, ал балалар өлімінің деңгейі 75 пайызға төмендеуі мүмкін екенін анықтады.

Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді қызмет байқалды. 2015 жылдан бастап Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы қалыптасты. 

Қазіргі уақытта парақорлық фактілерімен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі» органы айналысады. Еліміздің барлық дерлік облыс орталықтарында Агенттіктің бөлімшелері бар – ANTIKOR.

ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК-да Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік атмосферасын құру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа – орталық» РҚБ-мен Меморандум жасалды. Сондай-ақ, Өзіндік қауіпсіздік қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта және «тұрмыстық» коррупцияның алдын алу бойынша жұмыскерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС!

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар