fbpx

RU

2021 жылғы 12 сәуірде 41 жастағы ер адам  жол - көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алды. Жедел медициналық жәрдем бригадасымен Панфилов көпбейінді ауданаралық ауруханасына жеткізіліп, травматология бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Көптеген жарақаттар, тыныс алу жеткіліксіздігі және травматикалық шок нәтижесінде пациенттің жай-күйі өте ауыр.

«Қабырғаның бірнеше жерден сынуы, мидың шайқалуы, гемапневмоторакс, жамбас ашық сынуы және т. б.» диагнозы қойылды.

Пациентке хирургиялық операциялар жасалды, облыстық травматологпен телефон арқылы консультация берілді, одан әрі емдеу және хирургиялық араласулар үшін медициналық авиация желісі бойынша Талдықорған қалалық көпбейінді ауруханасына ауыстыру ұсынылды.

Пациент 28 сәуірде медициналық авиация бортымен Талыққорған медициналық мекемесіне жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba