fbpx

RU

Мемлекеттік рәміздер

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.

Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Мемлекеттік рәміздер туралы

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің,
біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді. Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков. Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2 Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді. Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды. Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмтылысын көрсетеді. Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған. Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты. Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады. Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық. Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және байқуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

Әнұран – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Әнұран ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР әнұранының музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы әнұранының музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты. Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік әнұран жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік әнұранын бекітті.

ҚР мемлекеттік тіл саясатына қатысты нормативтік-құқықтық актілер

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 9 наурыздағы № 159 бұйрығы Скачать

Латын әліпбиі бойынша емле ережелері Скачать

Латын графикасы жарлык Скачать

Латын негізіндегі әліпби Скачать

Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Скачать

2020-2025 жылдарға арналған бағдарлама Скачать

Қазақстанның Үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік Скачать

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 172 бұйрығы Скачать

Қазақ тілін үйрету курстары

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК мемлекеттік тілді дамыту мақсатында қызметкерлер арасында қазақ тілін үйрету курсы өткізілуде.

Kазтест нәтижесі Скачать

Cабақ кестесі Скачать

Сабак жоспарлары. Латын әліпбиі Скачать

Буын. Тасымал. Екпін Скачать

Лексика. Омонимдер, синонимдер, антонимер Скачать

Фонетика. Қазақ тілінің алфавиті Скачать

Сабақ өткізуде қолданылатын оқулықтар

Қазақ тілі. Оқулық А1 Скачать

Қазақ тілі. Оқулық А2 Скачать

Қазақ тілі. Оқулық B1 Скачать

Қазақ тілі. Оқулық B2 Скачать

Қазақ тілі. Оқулық С1 Скачать

Сабақ барысы

Мемлекеттік тіл - мәртебем менің

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты республикалық конкурс

2022 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдары арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты республикалық конкурстың «Үздік медициналық ұйым» номинациясы бойынша ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК жеңімпаз атанып І дәрежелі дипломмен марапатталды.

ҰШМҮО Конкурс Үздік мекеме презентация

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдары арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты республикалық конкурстың «Үздік тіл оқытушысы» номинациясы бойынша орталық қызметкері Зұлхайдарқызы Нұрсәуле төсбелгімен марапатталды.

Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы

 2022 жылғы қыркүйек айында Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай медицина қызметкерлерінің арасында ұйымдастырылған әдеби конкурстың «Ахмет Байтұрсынұлы әлемі» аталымы бойынша орталық қызметкері Меруерт Оралқызы Бақтиярованың дайындаған материалы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Үздік поэтикалық шығарма» аталымы бойынша Нұрсәуле Зұлхайдарқызының  дайындаған материалы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Медициналық авиация мобильдік бригадасының фельдшері Жасұлан Нұрланұлы Сәдуақасов «Медицина қызметкерінің бірі күні» аталымына қатысып алғыс хатпен марапатталды.

А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шара

2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан халықтарының тілдер күні қарсаңында А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Орталық қызметкерлері арасында әдеби конкурс ұйымдастырылды. Қатысушылар Ұлт ұстазының өлеңдерін жатқа айтып, түрлі викториналық сұрақтарға жауап бере отырып бәйгеге түсті. Кеш барысында қызметкерлер кеш барысында А.Байтұрсынұлының әлеміне саяхаттап, көптеген ақпараттар алды. Конкурс нәтижесі бойынша медициналық авиацияның мобильдік бригада дәрігері Саябек Әскербекұлы Жолдыбалин І орын иегері атанды. ІІ медициналық блоктың санитары Ләйла Шайқыбекқызы Жұмалиева ІІ орынды, Шұғыл медицинаны талдау және үйлестіру басқармасының маманы Гүлжихан Какимжанқызы Шахимова ІІІ орынды иеленді.

Қазақ тілі тарихы

Қазақ тілі тарихы – қазақ тілін зерттейтін ғылым саласы. Қазақ тілі бөлімінің тарихы шартты түрде:

  • ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең;
  • ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді.

Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғ-дың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргиз-казахского наречия» (1860–61) деген еңбегінде ұшырасады. Бұл – қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская» (1875), П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикографиялық жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді.

Орыстардың Ресей империясына қараған халықпен қарым-қатынас жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл сөздіктер қазақтың сөздік құрамын хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің мағынасын ашып көрсетті. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі: а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912–29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930–88) болып екіге бөлінеді. Қазақ тілі ғылылым ретінде қалыптасып, дамуы А.Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған «Тіл-құрал» атты еңбегінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады. Қазақ тіл бөлімінің салалары: Әліппе мен емле. 19 ғ-дың 2-жартысында Ы.Алтынсарин қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғ-дың басында Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді. Бұл орайда ғалым қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтап, үндестік заңдылығын, тілдің фонологиялық ерекшеліктерін айқындап шықты. Байтұрсыновтың Қазақ тіл бөлімінің фонетика, фонология салалары бойынша жасаған тұжырымдары Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов еңбектерінде жалғасын тапты. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі, дауыстылар мен дауыссыздар санын дәл айқындау, қазақ жазуына негіз болатын принцип таңдау мәселесі көптеген талас тудырып, «Еңбекші қазақ», «Жаңа мектеп», т.б. басылым беттерінде мақалалар жарық көріп, қазақ білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланды.

Тіл туралы мақал-мәтелдер

Қазақтың ақылы – көзінде,
Қасиеті сөзінде.

Тіл — буынсыз,
Ой - түпсіз.

Тілі өлген ел – тірі өлген ел.

Еттен өткен таяқтан,
Сүйектен өткен сөз жаман.

Ішімдегінің бәрі тілімде,
Тілімдегінің бәрі түрімде.

Құр судан май шықпайды,
Құр сөзден мән шықпайды.

Аталы сөзге арсыз ғана жауап қайырады.

Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

Орақты ора білмесең,
Қолыңды кесерсің.
Сөзіңді сөйлей білмесең,
Жолыңды кесерсің.

Ажал келмей жан шықпас,
Қысыр сөзден мән шықпас.

Тілі бардың тіріде ақысы кетпейді.

Жүйелі сөз — жүйесін табар,
Жүйесіз сөз —иесін табар.

Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ.

Тіл – қылыштан да өткір.

Сөз — бейнет болар,
Бөз — көйлек болар.

Ине көзінен сынады,
Шешен сөзінен сынады.

Тіл алмасқа сөз айтсаң,
Адам таппас жауап айтар.

Аяғы жаман төрді былғар,
Аузы жаман елді былғар.

Тәрбие тілден басталады.

Басқа пәле тілден.

Бал тамған тілден у да тамар.

Малға кедей – жарлы,
Тілге кедей – сорлы.

Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.

Аузы құлып сандықты, тіс ашпаса тіл ашар.

Шешеннің тілі – шебердің бізі.

Ашынған тілді болар,
Ашыққан ұры болар.

Ашуың келсе — қолың тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт.

Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.

Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.

Біреу қасып айтады,
Біреу басып айтады,
Біреу жаны ашып айтады.

Найзалассаң, найзалас,
Тіл найзаңмен түйреме.
Тіл найзаңа түйреп ап,
Олай-бұлай сүйреме.

Өлеңді қосылып айтқан жақсы,
Сөзді тосып айтқан жақсы.

Тіл туралы нақыл сөздер

«Halyqtyń kemeline kelip órkendep ósýi úshin eń aldymen azattyq pen bilim qajet.»
Sh. Ýálıhanov

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет.»
Ш. Уәлиханов

«Ǵylym adam sanasyna bolmysy bólek, erekshe utqyr uǵymdardy ornyqtyrý arqyly ǵana tereń uıalaıdy.»
Ál-Farabı

«Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.»
Әл-Фараби

«Ana tilin umytqan adam óz halqynyń ótkeninen de, bolashaǵynan da qol úzedi.»
Ǵ. Músirepov

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді..»
Ғ. Мүсірепов

«Тілде тұтас ұрпақтың ғасырлық еңбегі бар.»
В.И.Даль

«Көз – жанның айнасы, тіл – қоғамның айнасы.»
Жюль Ренар

"Тіл адамға ойын жасырып, сараптап айту үшін берілген болса, кей адамдарға оның қажеті де жоқ сияқты."
А.В.Абакумов

"Тіл үйрену үшін қажеттілік не мәжбүрлік емес, шынайы қызығушылық болуы маңызды."
А.Б.Августин

"Тілі мәңгі жасаған халық өзі де өлмейді."
Шыңғыс Айтматов

"Барлық заманда шешендік өнері мен тіл байлығы қатар өмір сүріп келеді".
А.П.Чехов

"Тілдің жүгенсіздігі өзіне балта боп тиеді. Қаншама адамды ренжітіп, сан мың адамның жүрегіне жара салады."
Әлішер Науаи

"Қазақ тілі - сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет берер ғажайып кемел тіл.
Б. Момышұлы

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Қазақтар-ежелден көшпелі халық, Көк Түріктің ұрпақтары. Қазақ еліне,тарихына қызығатын әрбір адам алдымен, қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы білуі шарт. Қазақтарда салт - дәстүрдің түрлері өте көп.

Құда түсу - қазақтардың ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан жақсы әрі жарасты дәстүрлердің бірі.

Жігіттің әкесі немесе оның жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп жасайды саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп, мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр, тағы басқа ырымдары мен кәде алымдары болады (“кәдеге” қараңыз). Құдалықты басқарып барған адам “бас құда” деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне “бауыздау құда” деп аталады.

Құда түсу- қазақтың мәртебелі әрі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар айтылады. Екі жақ та бір-бірін сынап отырады.

Сырға салу – қыз ұзату, келін түсіру жоралғыларының бірі. Сырға Салу кезінде жігіт жағынан 4 – 5 адам келіп құда түсер ырымын жасап, қыздың құлағына сырға тағып, қызды алып кететін күнді белгілейді. Осы аралықта “той малы”, “сойыс”, “бала күту”, “әке күші” деген кәделерді орындау керектігі келісіледі. Бұл жолы жігіт жағы қыздың ата-анасына киіт кигізеді, қыз жағы – мал сойып, құрметтеп күтіп алып, шығарып салады, тағы басқа сый-сыяпаттар жасалады. Келісілген күні жігіт жағынан 4 – 5 адам келіп қызды алып кетеді.

Бесік той - туған-туыстары жиылып, нәрестені бесікке салу дәстүрін өткізеді. Жөргектен шығарып, иткөйлек кигізетін сәбиді бесікке әйелдердің ішінен жас жағынан болсын, мінез-құлық, іс-әрекет жағынан болсын парасатты, бойы таза, инабатты, жөн білетін, ел-жұртқа сыйлы, балалы-шағалы болған бәйбішелердің бірі салады. Баланы бесікке саларда бесікті аластау ырымы жасалады. Бұл отқа табыну дәуірінен қалған ырым. Баланы бесікке саларда бесікті саларда қарт аналардың біреуі шымшыуырды отқа қыздырып, сонымен бесіктің басын, арқалығын қарып кертеді. От пен оның исінен жын-шайтан, дерт-дербезе қашады мыс деп есептеген.

Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.

Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды.

Осындай керемет дәстүрлерді есте сақтап, дәріптеп жүрейік.

Құда түсу

Сырға салу

Сценарийді жүктеу...

Бесік той

Сценарийді жүктеу...

Беташар

Тілдер күні

Медицина ғылымы

FaLang translation system by Faboba