Бүгін 2024 жылғы 26 қарашада Мақат ауданы, бұрынғы Доссор қазіргі В.Г. Белинский кентінің Б. Қанатбаев атындағы орта мектебінің 2000 жылғы түлектері Доссор кенті мәдениет үйінде Мақат ауданының жедел жәрдем қызметкерлерін құттықтап, «Жедел жәрдем қызметкерлері сан тағдырға куә» тақырыбында үлкен шара өткізді. Бұл күн ешқандай мерекелік күн болмаса да, себепсіз құрмет көрсету күні болды. Шараның негізі мақсаты түлектер қозғалысына қозғау сала отырып, қатарда қызмет етіп жүрген жедел жәрдем қызметкерлерін құттықтау. Түлектер жедел жәрдем қызметкерлеріне алғыс хат пен бағалы сыйлықтар тарту етті. Шараның негізі қонағы ретінде Атырау Облыстық жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Сарсенғалиев Даулетияр Ануарұлы қатысып, мамандарды марапаттады. Айтулы шараға жергілікті атқарушы органдардың мамандары да қатысты.