fbpx

KZ

Басқарма Төрағасы Т.М Мұратов

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 шілдедегі № 41 ж/в бұйрығымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма Төрағасы болып Тимур Мұратұлы Мұратов тағайындалды.

Тимур Мұратұлы – Шығыс Қазақстан облысының тумасы, 1977 жылы 18 сәуірде туған.

Білімі жоғары медициналық, медицина ғылымдарының кандидаты.

Семей мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, Еуразия гуманитарлық институтын «Құқықтану бакалавры» мамандығы бойынша, Қазақстан медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебі» мамандығы бойынша бітірген. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі академиялық дәрежесі бар.

Денсаулық сақтау жүйесінде 20 жылдан астам жұмыс істейді. Еңбек жолын №6 қалалық емханада дәрігер қызметінен бастаған.  Қызмет ету кезеңінде №2 қалалық аурухана бөлімшесінің меңгерушісі, №2 қалалық аурухана бас дәрігерінің медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары, №2 Ақмола облыстық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.

Соңғы жылдары Президент іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасы директорының орынбасары, Жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері қызметтерін атқарды. 2020 жылдан 2023 жылғы шілдеге дейін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымыда болды.

Қазақстан урологтер қоғамының вице-президенті және «Астана қаласының эндоскопиялық урологтер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып табылады.

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. «Үздік тиімді менеджер» номинациясы бойынша «Алтын Шипагер» сыйлығының иегері (2019 ж.).  Көп жылғы еңбегі және денсаулық сақтау жүйесіне қосқан үлесі үшін 2021 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

«Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Урология» мамандықтары бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

 

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Мұратов Тимур Мұратұлы

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар