fbpx

KZ

2002 жылы туған жасөспірім қыз Ақмола облысында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шекті.

Зардап шегуші жедел түрде көптеген жарақаттармен жедел медициналық жәрдем қызметімен Атбасар қаласының көпбейінді ауданаралық ауруханасының қабылдау бөлмесіне жеткізілді, жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылды. Дәрігерлік консилиум мен мамандардың телемедициналық консультациясын өткізгеннен кейін пациенттің жарақатының ауырлығына, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін зардап шегушіні санитариялық авиация желісі бойынша тасымалдау туралы шешім қабылданды.


2020 жылғы 26 тамызда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобильдік бригадасының сүйемелдеуімен пациентті әуе көлігінде Нұр – Сұлтан қаласының Травматология және ортопедия ғылыми - зерттеу институтына сәтті тасымалдау жүзеге асырылды, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі. Пациент тасымалдауды қанағаттанарлық түрде өткізді, ұшу кезінде асқынулар байқалмады.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының деректері бойынша 2020 жылдың 7 айында 237 пациент жарақат алып тасымалданды, оның ішінде ЖКО – 72 пациент, оның ішінде 14-і балалар.

FaLang translation system by Faboba